«Байқоңыр» ауданындағы тұрғын алаптардың өзекті мәселелері талқыланды
Кезекті сессияға дайындық аясында депутаттар елорданың тұрғын алаптарының өзекті мәселелері мен даму мүмкіндіктерімен жергілікті жерде танысу мақсатында «Байқоңыр» ауданындағы бірнеше нысанды аралады. Әсіресе сумен қамту, кәріз жүйесі және көлік инфрақұрылымы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Казгородок» тұрғын алабында (Ж. Досмұхамедұлы көшесі, 24) депутаттар тұрғындармен бірге кәріз жүйесінің жұмыс істеу мәселесін талқылады. Сонымен қатар тұрғындар көлік қатынасын жақсарту үшін қосымша автобус бағытын іске қосу мәселесін көтерді.
Сондай-ақ қоғамдық көліктің соңғы аялдамасын қарап, автобус жүргізушілеріне жасалған жағдайды және жолаушыларға арналған инфрақұрылымның қолайлылығы бағаланды.
«Кірпішті» тұрғын алабында № 12 орта мектепке барып, ауданның белсенді тұрғыны Карлыгаш Набиуллинамен кездесу өтті. Кездесу барысында тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелер талқыланды.