Қымбатты арулар!
Сіздерді шын жүректен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Бұл мереке мейірім мен жылулыққа, қуаныш пен ізгілікке толы ерекше күн.
Бүгінде сіздер елордамыздың дамуына орасан зор үлес қосып келесіздер. Қаламызда жүзеге асып жатқан барлық оң өзгерістер сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен белсенділіктеріңіздің арқасында мүмкін болып отыр. Сіздер ақылды, бастамашыл, жігерлі жансыздар және өмірдің барлық саласында биік белестерді бағындырып келесіздер.
Сіздердің арқаларыңызда – аналарымыз, жарларымыз, қыздарымыз, әпке-қарындастарымыз, әріптестеріміз – ер азаматтар да жігерленіп, жаңа жетістіктерге ұмтылады. Сіздер әрдайым шабыт беріп, қолдау көрсетіп, шаңыраққа жылулық пен береке сыйлайсыздар.
Әр күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, шынайы махаббат және отбасыларыңызға амандық тілеймін. Көктемнің шуақты көңіл күйі жүректеріңізден ешқашан кетпесін!
Құрметпен,
Астана қаласы мәслихатының төрағасы
Табиғат Зейнұлқабден