Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Ұлттық жобаны іске асырудағы маңызды мәселелер мен алдағы қадамдар

«ТКШ-ны жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы барысында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу мәселелері қаралды.

Ұлттық жобаны іске асырудың бір жылында кешенді басқару жүйесі қалыптастырылғаны атап өтілді. 2025 жылы еліміздің төрт өңірінде 17 пилоттық жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар Ұлттық жобаның электрондық платформасы құрылып, қазіргі таңда онда 386 инвестициялық жоба қаралу үстінде. Платформа жергілікті атқарушы органдарды, мемлекеттік органдарды, табиғи монополия субъектілерін, мердігер ұйымдарды және «Атамекен» ҰКП-ны біріктіріп, жобаларды іске асырудың ашықтығы мен жүйелілігін қамтамасыз етеді.

Инвестиция тарту мәселелеріне, инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарын ауқымдандыруға, отандық өндірісті дамытуға және жергілікті қамту үлесін арттыруға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланып, жобаларды қарау мерзімдерін жеделдету, қаржылық ресурстарды тарту, аспаптандыруды кеңейту және Smart Turmys бірыңғай цифрлық платформасын іске қосу мәселелері қамтылды.