Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
Парламенттік және сайлау жүйесінен бастап жаңа конституциялық институттарға дейінгі негізгі өзгерістер талқыланды. Жұмыста азаматтардың, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарының ескерілуі маңызды. Алда Конституция мен елдің саяси жүйесінің одан әрі дамуына ықпал ететін ауқымды әрі жауапты жұмыс күтіп тұр.