Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Қалалық мәслихатта бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырыста ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың (ММ, МКҚК, МКК, АҚ, ЖШС) қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар мен бюджеттік инвестициялық жобаларды, соның ішінде иесіз желілер мен объектілерді іске асыру мәселелерін қамтитын кешенді сұрақ қаралды.

Отырысқа бейінді құрылымдық бөлімшелердің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың өкілдері қатысты. Мәселелерді қарастыру әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарын іске асыру және мемлекеттік мүлікті басқару сапасын арттыру аясында жүргізілді.

Отырыс қарсаңында мәслихат депутаттары бірқатар объектілерді аралап, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін басқару тиімділігін арттырудың өзектілігіне көз жеткізді.

Негізгі баяндамашылар болып активтер және мемлекеттік сатып алулар, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының басшылары сөз сөйледі. Қосымша баяндамаларды құрылыс, энергетика, коммуналдық шаруашылық, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармаларының басшылары жасады.

Отырыс барысында ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат ұсынылды.

Депутаттар ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің талдау нәтижелерін, анықталған проблемалық мәселелерді және олардың туындау себептерін талқылады. Негізгі факторлардың қатарында ішкі бақылау жүйесін және стратегиялық жоспарлауды жетілдіру қажеттілігі атап өтілді.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды қабылдау және іске асыру мәселесі жеке блок ретінде қаралды. Бюджеттік инвестициялардың негізділігі, бюджеттік қаражаттың тиімді пайдаланылу мәселелеріне, сондай-ақ олардың стратегиялық жоспарлаумен өзара байланысына ерекше назар аударылды.

Комиссия төрағасы Кендебай Адамбек аталған мәселені бір ай мерзім ішінде жан-жақты зерделеп, жеке отырыс өткізуді ұсынды.

Сондай-ақ отырыс аясында инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның иесіз желілері мен объектілерін бюджеттік инвестициялық жобаларға енгізу мәселесі қаралды.

Комиссия анықталған иесіз объектілер туралы, оларды есепке қою, меншік құқықтарын ресімдеу және одан әрі шаруашылық айналымға тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың ағымдағы жай-күйі жөніндегі ақпаратты қарады.

Тұрақты комиссия отырысының қорытындылары бойынша ведомстволық бағынысты заңды тұлғаларды басқару тиімділігін арттыруға және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тетігін жетілдіруге бағытталған қаулы қабылданады.