Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астанада аумақтық қорғаныс пен әскери инфрақұрылым мәселелері талқыланды

Бүгін Астана қаласында аумақтық қорғаныс пен әскери инфрақұрылым жүйесіндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты өзекті мәселелерге арналған отырыс өтті. Парламент Сенатының депутаттары — Андрей Лукин, Сергей Ершов, Амангелді Нұғманов, Ғалиасқар Сарыбаев, Алишер Сатвалдиев және Геннадий Шиповскихпен бірлесіп осы саладағы негізгі міндеттер мен өзекті сын-қатерлер талқыланды.

Аталған мәселелер бұған дейін мәслихат отырыстарында да бірнеше рет көтерілген болатын. Талқылау барысында жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін арттыру және ықтимал төтенше жағдайларға дайындық деңгейін күшейтуге бағытталған практикалық тәсілдерді айқындауға басымдық берілді.

Кездесу аясында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әскери және күштік құрылымдармен өзара іс-қимылы, инфрақұрылымды сақтау және дамыту шаралары, сондай-ақ халықты хабардар ету жүйесін жетілдіру мәселелері жан-жақты қаралды. Сонымен қатар аумақтық қорғаныс шеңберінде азаматтарды даярлау және оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.