Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Елордада жаңа жылдық мерекелік маусымның ашылу рәсімі өтті

Елордада жаңа жылдық мерекелік маусымның ашылу рәсімі өтті
Елордада жаңа жылдық мерекелік маусымның ашылу рәсімі өтті
Елордада жаңа жылдық мерекелік маусымның ашылу рәсімі өтті

Бүгін елордада жаңа жылдық мерекелік маусымның басталуын айқындайтын шыршаларды жағу салтанатты рәсімі өтті. Қаланың биіктігі 25 метр болатын басты шыршасы «Астана Арена» алдындағы алаңда жағылып, жаңа жылдық мерекелердің орталық нүктесіне айналды.

Салтанатты рәсімге ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Маулен Әшімбаев қатысты.

Бүгін кешке қаладағы барлық аудандарда 40-тан астам шыршаның шамдары бір мезгілде жанды. Мерекелік шаралар «Ертегі Fest» қысқы фестивалі аясында өтті және концерттік бағдарлама, жарық шоу, сырғанақтар, фотозоналар мен ойын-сауық алаңдарымен сүйемелденді.