Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді еліміздің басты мемлекеттік мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн жаңа егемен елдің қалыптасуын, бірлігіміздің нығаюын және даму жолындағы ортақ ұмтылысымызды білдіреді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік аренада өзін сенімді көрсетті, мемлекеттіліктің берік негіздерін қалады, әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуды қамтамасыз етіп, әрбір азаматтың бейбіт әрі созиданиеге толы өмір сүруіне жағдай жасады.
Бүгінде Астана -жаңару мен жаңашылдықтың жүрегі, қарқынды өсуі, ашықтығы және болашаққа ұмтылысымен ерекшеленетін қала. Бұл жетістіктер тұрғындардың жауапкершілігі, еңбегі және бірлігі арқасында мүмкін болды.
Осы айтулы күні сіздерге мықты денсаулық, мол береке, бейбітшілік пен татулық тілеймін. Отбасыларыңызда әрдайым ынтымақ, түсіністік және жарқын болашаққа деген сенім орнасын! Әр жаңа күн ортақ Отанымыз -Қазақстан Республикасының игілігі жолында жаңа шабыт пен тың жетістіктер әкелсін!
Құрметпен,
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Табиғат Зейнұлқабден