Жол картасының орындалу барысы талқыланды
Бүгін мәслихат депутаттары- «AMANAT» фракциясының мүшелерімен бірге партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасының орындалу барысын талқыладық.
Назарда басым бағыттар мен жобалардың қымбаттауына, қосымша қаржыландыру қажеттілігіне байланысты туындаған тәуекелдер болды.
Әлеуметтік салалар әлі де негізгі басымдықтардың қатарында.
Сонымен бірге жоспарланған нысандардың аяқталу мерзімдерін егжей-тегжейлі қарап, барлық тармақтардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті түзетулер енгізілді.