Астана қаласы мәслихатының депутаттары денсаулық сақтау нысандарын аралады
Бүгін елорданың бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралап, олардың жұмыс ұйымдастыру деңгейін және әрі қарай жақсарту мүмкіндіктерін жергілікті жерде бағаладық.
Алдымен цифрлық шешімдер, жаңартылған қызмет көрсету стандарттары және медициналық көмекті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері енгізіліп жатқан пилоттық жоба – №1 қалалық көпсалалы ауруханадан бастадық. Мұнда жақында демеушілердің қолдауымен жаңа қабылдау бөлімі ашылды. Оның іске қосылуы жүктемені қайта бөлуге және пациенттердің жайлылығын едәуір арттыруға мүмкіндік беретіні қазірдің өзінде байқалады.
Содан кейін №2 қалалық көпбейінді аурухананың қабылдау-диагностикалық кешенін араладық. Онда жаңа қабылдау бөлімнің ашылу қаршаңында белсенді құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Мұнда пациенттерді қабылдау, маршрутизациялау және мекеме жұмысының тиімділігін арттыру үшін оңтайландыруға болатын процестер талқыланды.
Бөлек пункт ретінде Есіл ауданында салынып жатқан балаларға арналған травмпункт болды. Бүгінде қаланың сол жағалауында мұндай арнайы нысан жоқ, сондықтан отбасылар оң жағалауға жүгінуге мәжбүр, бұл шұғыл медициналық көмекті күту уақытын арттырады. Жаңа травмпункт жеке инвесторлардың қаржысына заманауи стандарттарға сәйкес салынуда. Құрылыс сапасы шынымен әсерлі, және жақын арада мұнда балалар қабылданып, медициналық көмектің қолжетімділігі мен жеделдігі қамтамасыз етілетін болады.