Жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы
Астана қаласының мәслихатында заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы» мәселесі қарастырылған отырысы өтті.
Отырыс барысында тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов инфрақұрылымдық объектілерді іске асыру шеңберінде иеліктен шығаруға жоспарланған жылжымайтын мүлік объектілерінің тізімін – Қорғалжын тас жолы, №37 көше (жобалық атауы), Иманов көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі Асан қайғы көшесі ауданындағы жылумен жабдықтаудың магистральдық желілерін, электр беру желілерінің дәлізін ұсынды.
Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, тұрғындардың мүдделерін есепке алу мақсатында депутаттар жер учаскелерінің меншік иелерімен кездесті.
Талқылау қорытындысы бойынша комиссия ұсынысы бар шарттардың жобаларына келісім беру туралы, осы мәселені Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына шығару туралы шешім қабылдады.