Астана мәслихаты мен Maqsut Narikbayev University зерттеулер саласында ынтымақтастықты бастайды
Бүгін депутаттар мен университет өкілдерінің алғашқы жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың болашағын талқылап, бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.
Астананың дамуы үшін маңызды болып табылатын бірқатар салалар – білім беру, спорт, мәдениет және әлеуметтік мәселелер бойынша зерттеулер жүргізу жөнінде өзара әрекеттесу туралы келісімге келінді.
Университетпен әріптестік ғылыми сараптаманың тереңдігіне, деректерді талдаудың заманауи тәсілдеріне және зерттеулердің озық әдістеріне сүйенуге мүмкіндік береді.