Мәслихатта кезектен тыс сессия өтті
Астана қаласының мәслихатында кезектен тыс сессия өтіп, оның аясында депутаттар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға және экономикалық тетіктерді реттеуге бағытталған бірқатар негізгі мәселелерді қарастырды.
Сессияны өткізу алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтіп, онда депутаттар сессияның күн тәртібіндегі барлық мәселелерді алдын ала талқылап, ұсынылған материалдарды зерделегенін атап өткен жөн. Жүргізілген дайындық жұмыстары пленарлық отырыста мәселелердің сындарлы және тиімді қаралуын қамтамасыз етті.
Бюджет параметрлерін нақтылауға және қаражатты әлеуметтік саланы, инфрақұрылымдық жобаларды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қоса алғанда, басым бағыттарға қайта бөлуге байланысты Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізілді.
Заңнамалық өзгерістерді және әлеуметтік жағынан осал деп саналатын азаматтар санаттарының жаңартылған тізімін ескере отырып, уәкілетті атқарушы орган Астана қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылардың саны мен санаттарының тізімін анықтау туралы қаулының жобасын әзірледі. Шешім жобасын депутаттар қолдады.
Сондай-ақ, сессияда депутаттар елорданың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару қағидаларын қарастырып және бекітті, бұл қағидалар жасыл белдеу аумағындағы қызмет тәртібін айқындайды. Құжат экологиялық балансты сақтауға және аймақ шекарасындағы шаруашылық белсенділікті шектеуге бағытталған. Қағидаларды қабылдау жасыл белдеуді басқарудың тиімділігін арттыруға және оның сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, депутаттар Астана қаласының аумағында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимінің мөлшерлемесін белгілеу туралы мәселені қарастырды. Өкілді органның шешімі бойынша қала аумағындағы мөлшерлеме 3%-ға дейін төмендетілді.
Кезектен тыс сессияның күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер жан-жақты қарастырылып және мәслихат депутаттарымен бекітілді.