Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Елорда колледждерінің даму басымдықтары анықталды

Елорда колледждерінің даму басымдықтары анықталды
Елорда колледждерінің даму басымдықтары анықталды
Елорда колледждерінің даму басымдықтары анықталды
Елорда колледждерінің даму басымдықтары анықталды
Елорда колледждерінің даму басымдықтары анықталды

Астана қалалық мәслихатының депутаттары Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласында бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі мен мемлекеттік активтерді пайдалану мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Бүгінде елордада 32 колледж жұмыс істейді, онда 35 мыңнан астам студент білім алуда. Оның ішінде 10 324 студент мемлекеттік, ал 25 599 студент жекеменшік колледждерде оқиды.

Түлектер саны жыл сайын артып келеді, алайда мамандығы бойынша жұмысқа орналасу деңгейі әлі де жеткіліксіз. 2023–2024 оқу жылында 10 022 түлектің 6 083-і (60,7%) жұмысқа орналастырылған, бірақ олардың тек 4 623-і (46,1%) ғана өз мамандығы бойынша еңбек етуде. Бұл білім беру бағдарламаларын жаңарту және жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін көрсетеді.

Кездесу барысында жаңа мамандықтарды енгізу мәселесі де талқыланды. Жаңа мамандықтар Атласын әзірлеу аясында 17 перспективалы бағыт анықталды. ТжКБ бағдарламаларына қазірдің өзінде үш бағыт енгізілді: виртуалды қонақүй хосты, автокөлік дизайнер-жөндеушісі, цифрлық коммерция логистикасы бойынша маман. Бұл жұмыстар цифрлық экономика және заманауи өндіріс форматтары жағдайында сұранысқа ие кадрларды даярлауға бағытталған.

Сондай-ақ студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Астанада 18 жатақхана жұмыс істейді, онда 2 130 студент тұрады, жалпы орын тапшылығы шамамен 1 300 орынды құрайды. Жүктеменің бір бөлігі бейімделген хостелдер есебінен өтелуде. Ағымдағы жылы онда 1 337 білім алушы орналастырылды, алайда жалпы қажеттілік әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.

Талқылау қорытындысы бойынша негізгі басымдықтар белгіленді: бюджеттік үдерістерге бақылауды күшейту және ашықтығын арттыру, колледждер инфрақұрылымын жаңғырту, даярлау бағдарламаларын жаңарту, жаңа мамандықтарды енгізу, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен әріптестікті нығайту. Дөңгелек үстел материалдары мәслихатқа ұсыныстар дайындауға және елорданың ТжКБ жүйесін одан әрі жетілдіруге негіз болады.