Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Елордадағы әйелдердің қоғамдық-саяси рөлі артып келеді

Бүгін елорданың қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлі айтарлықтай артып келе жатқанын сенімді түрде айтуға болады. Қалалық маңызды шешімдерді қабылдауға әйелдер барған сайын белсенді қатысуда. Соның жарқын мысалы – елордалық мәслихаттың жұмысы: 34 депутаттың 11-і әйелдер. Бұл әйелдер көшбасшылығының нығайып келе жатқанын және олардың үлесі елорданың дамуының маңызды бөлігіне айналғанын көрсетеді.

Бүгін Әйелдер қанатының қорытынды отырысында қаладағы белсенді және бастамашыл әйелдер, мәслихат өкілдері, партиялық құрылымдар мен серіктес ұйымдардың өкілдері жиналып, өзекті мәселелерді талқылады.

«AMANAT» партиясының гендерлік теңдік күн тәртібін жүйелі түрде ілгерілетіп келе жатқаны, әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге қатысуын күшейтіп, олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдайтыны атап өтілді.

Қатысушылар биыл елорда әйелдерінің қатысуымен 80-нен астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылғанын атап өтті. Келер жылы бұл жұмыс жалғасып, әйелдерді қоғамдық үдерістерге одан әрі кеңінен тарту және олардың бастамаларын қолдау жоспарланып отыр.