Үздік студенттерді марапаттау
07.11.2017
Парламент мәжілісінің депуттары Бақытжан Ертаев пен Геннадий Шиповских Астана қаласының мәлихатының депутаты Мирас Шекеновпен бірге Астана қаласының Ішкі істер департаментінің атынан «Жас сақшы» жобасында полиция қызметкерлеріне құқықтық тәртіпті қорғауға көмектескен Астананың белсенді студенттеріне мақтау қағаздары мен құнды сыйлықтар табыс етті.
Кезінде милицияға халық жасақтары көмектескен, ал қазір полицияға қоғамдық ұйымдар көмектесуде.
«Жас сақшы» қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және Астананың жастар ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға үлкен үлес қосады.