Жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы
Астана қаласының мәслихатында Азамат Айтхожиннің төрағалығымен заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырыс шеңберінде жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты оларды иеліктен шығару туралы шарттардың бірқатар жобалары қаралды.
Отырыс барысында депутаттар әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты өтінімдерді қарады.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов Тоқпанов көшесі ауданында мектеп салу жоспарланып отырған учаскелердің, Қорғалжын тас жолы ауданында жылумен жабдықтаудың магистральдық желілерінің, арнайы трассаның орналасуы мен сипаттамалары туралы мәліметтер келтірді.
Саипов меншік иелерінің құқықтарын сақтау, мүлікті әділ бағалау, рәсімдердің ашықтығы және мерзімдерді сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылғанын атап өтті.
Тұрақты комиссияның төрағасы Азамат Айтқожин отырыс барысында меншік иелерімен онлайн режимде кездесу өткізді.
Тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы мәселе мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралады және ол бойынша тиісті шешім қабылданады деген шешім қабылданды.