Қалалық мәслихат депутаттары құрылғанына небәрі бір жыл болған «Сарайшык» ауданында болды
04.11.2025
Бүгін қалалық мәслихат депутаттары құрылғанына небәрі бір жыл болған «Сарайшык» ауданында болды. Жасына қарамастан, аудан қарқынды дамуда: жаңа жобалар іске асырылып, әлеуметтік нысандар салынуда, аула мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылуда.
Кездесу барысында депутаттар ауданның алдағы уақыттағы негізгі міндеттерін және ерекше назарды қажет ететін мәселелерді жан-жақты талқылады. Тұрғындар жолдарды жөндеу, көше жарығы, көгалдандыру, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандар салу және аулаларды абаттандыру мәселелерін көтеріп отыр.
Жақын уақытта мәслихат отырысында осы бағыттарға тікелей қатысты бюджет өтінімдері қаралады. Басты мақсат — қалалық бюджетті тиімді бөліп, әрбір бөлінген теңге тұрғындардың игілігіне бағытталып, жаңа ауданда жайлы өмір сүруге жағдай жасау.