Қалалық мәслихат депутаттары «Нұра» ауданына барып, онда жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу барысын және ауданның алдағы даму жоспарын талқылады
03.11.2025
Бүгін қалалық мәслихат депутаттары «Нұра» ауданына барып, онда жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу барысын және ауданның алдағы даму жоспарын талқылады.
Бұл кездесу қала аудандарының әкімдерін тыңдау форматындағы көшпелі отырыстар сериясының жалғасы болды. Негізгі мақсат — қалалық бюджеттің қалай пайдаланылып жатқанын және қандай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланғанын анықтау.
Депутаттар бюджет қаражатын тиімді жұмсау мәселесіне, әлеуметтік бастамалардың іске асырылуына, сондай-ақ қала абаттандыруы, инфрақұрылымды дамыту және астаналықтардың өмір сүру жағдайын жақсарту бағытында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың сапасына ерекше назар аударды.