Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
25.10.2025
Сіздерді еліміздің басты ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігінің, ел дамуы мен өркендеу жолындағы ортақ талпынысының символы. Қазақстан Республикасы – адам еңбегін, азаматтық жауапкершілікті және рухани құндылықтарды жоғары қоятын, болашағына нық сеніммен қадам басқан қуатты да заманауи мемлекет.
Астана – ел жүрегі, жаңару мен прогреске ұмтылыстың айғағына айналды. Елорда тұрғындарының еңбегі мен бірлігінің арқасында қаламыз қарқынды дамып, жаңа идеялар мен мүмкіндіктердің, жетістіктердің орталығына айналуда.
Осы мерекелі күн баршамыздың жүрегімізді Отанға деген мақтаныш сезімімен толтырып, жарқын болашаққа деген сенімімізді нығайта түссін! Әрқайсымызды туған еліміздің игілігі жолында жаңа жетістіктерге жетелей берсін!
Сіздерге амандық пен бірлік, мықты денсаулық пен таусылмас жігер тілеймін!
Мерекелеріңізбен!
Құрметпен,
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Табиғат Зейнұлқабден