Сайлаушылармен кездесу
08.11.2017
Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов «Туған үй» ПИК төрағасы Санқыбай Кикбаевтың өтініші бойынша осы тұрғын үй кешенінде орын алған мәселелерді және Кенесары көшесіндегі №1 үйдің тұрғындарымен кездесті.
Сапар барысында Маслихат хатшысы балалар мен спорт алаңдарын тексеріп, тұрғындардың заманауи нысандардың, тренажерлардың жоқтығы туралы және ойын алаңына спорт алаңдарын пайдалану мүмкін еместігі туралы шағымдарын тыңдады. Мәселен, балаларды ойнауға арналған ойын алаңында орналасқан объектілерді қауіпсіз деуге келмейді. Автотұрақтың шатырында орналасқан спорт алаңдары да қолдануға жарамсыз, себебі бар қоршаулар стандарттарға сәйкес емес, яғни олардың биіктігі футбол немесе теннис ойнауға мүмкіндік бермейді, себебі футбол немесе теннис шарлары спорт алаңының аумағынан тысқары ұшып шығады. Бұдан басқа, сайлаушылар аудандағы ағаштар мен жолдардың жетіспеушілігіне шағымданды.
Кездесу соңында мәслихат хатшысы Сарыарқа ауданының әкімімен бірге осы мәселелерді қарастыруға көмектесуге уәде берді. Сонымен қатар, Жанат Нұрпейісов Республика даңғылы № 5/1 және 7/1 үйлерінің аулаларында орналасқан спорт алаңдарын аралады. Өз уақытында Маслихат хатшысы осы спорт алаңдарының иесіне аудан тұрғындарының келіп түскен шағымдарына байланысты оларды тиісті түрге келтіруді айтқан, яғни, көрініп тұрған темір жолақтарын алып тастауға, спорт алаңдарына қоршаулар жасау ұсынылған еді. Бүгінгі күні барлық ескертулердің жойылғандығын және балалардың қауіпсіз ойнауына кедергі жоқ екенін атап өткен жөн.