Астана жылыту маусымына кірісті
06.10.2025
Бүгін елордадағы үш негізгі жылу электр орталығына — ЖЭО-1, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарына бардық.
Бұл нысандар қалаға 3 200 Гкал/сағ астам жылу қуатын қамтамасыз етіп, Астананың энергетикалық қауіпсіздігінің негізін құрайды.
ЖЭО-1 (1961 жылы іске қосылған) «Байқоңыр» және «Сарыарқа» аудандарының бір бөлігін жылумен қамтиды — қуаты 794 Гкал/сағ.
ЖЭО-2 (1979 жылдан бері жұмыс істейді) — ең ірісі, қуаты 1 955 Гкал/сағ, ескі қала мен сол жағалауды жылумен қамтамасыз етеді.
ЖЭО-3 2023 жылы пайдалануға берілген жаңа станция, қуаты 468 Гкал/сағ, «Нұра» ауданы мен жаңа тұрғын алаптарды сенімді жылумен қамтиды.
Жаз айларында қазандықтар мен турбиналар күрделі жөндеуден өтті, жылу желілері мен түтін мұржалары жаңартылды, автоматтандыру жүйелері жаңғыртылды.
Барлығы 20-дан астам қазандық пен 7 турбина ретке келтірілді.
Бүгінгі іссапардың басты мақсаты — жылу энергия көздерінің сенімді және үздіксіз жұмысын тексеру.
Қала тұрғындары үшін ең маңыздысы қыста үйлерінде жылу мен жайлылықтың болуы.