Астана қаласында маслихат депутаттары «Жасанды интеллект негізіндегі қалалық инфрақұрылымды басқару» шешімі атты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасымен танысты
12.09.2025
Жобаға мегаполисті цифрландыру саласындағы әзірлемелерін ұсынған Presight AI Ltd. компаниясы (G42, БАӘ еншілес компаниясы) қатысуда.
Жобаның басты мақсаты – қауіпсіз, ақылды әрі тұрақты болашақ қаласын құру.
Депутаттарға биыл қыркүйек айының соңында ашылуы жоспарланған елдегі басты басқару орталығы – ALEM AI-дың мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар, тәулік бойы 24/7 режимінде жұмыс істейтін негізгі жедел және қалалық қызметтер орналасатын елордадағы Жағдайлық орталық іске қосылмақ. Жаңа орталық қаланы цифрлық басқарудың интеллектуалды өзегіне айналады.
Ал жаңа инфрақұрылым:
- қаланы қамту ауқымын 167%-ға арттырады;
- ББО-дағы (ЦОУ) камералар санын 41%-ға көбейтеді;
- деректерді нақты уақыт режимінде кешенді түрде талдауға мүмкіндік береді.
Жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыру қалалық инфрақұрылымды басқаруда жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл-Астананың қауіпсіздікке, жайлылыққа және тұрақты дамуға негізделген смарт-мегаполис үлгісіне айналуына жасалған қадам.
Депутаттар мұндай шешімдерді енгізу Мемлекет басшысының цифрландыру жөніндегі міндеттеріне сай келіп қана қоймай, қала тұрғындарының өмір сапасын тікелей жақсартатынын атап өтті.