Депутат Мирас Шекеновтің сайлаушылармен кездесуі
18.11.2017
«Құлан-2» тұрғын үй кешенінің (Е 30 көшесі, 5-үй) тұрғындарымен Астана қаласы мәслихатының депутаты Мирас Шекеновтің екінші кездесуі өтті.
Қалалық мәслихат депутатының өкілеттігінің арқасында, Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасымен және Есіл ауданы әкімдігімен бір апта ішінде тұрғындардың соңғы жиналыста қойған барлық негізгі мәселелері жойылды. Осылайша, инертті материалмен жолдарды бүркету жұмыстары жүргізілді, ұңғымалардың қақпақтары жабылды, балалар мектепке баратын жолмен қамтамасыз етілді.
Тұрғын үй басқармасының қызметкерлері пәтерлерді аралап, олардың қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшыларының жұмылуымен, ЕРЦ және сот орындаушысының қатысуымен ПИК мәселелері қаралды.