Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
30.08.2025
Сіздерді еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция – бұл жай ғана заңдар жинағы емес, ол біздің мемлекетіміздің берік іргетасы, тұрақтылықтың, бірліктің және өркендеудің негізі. Дәл осы құжат әрбір азаматтың тең құқығы мен бостандығын қамтамасыз етіп, заңның үстемдігін және әділдікті бекітеді.
Ата Заң қабылданған сәттен бастап Қазақстан сенімді қадаммен алға ілгерілеп келеді: құқықтық жүйе нығайып, ауқымды реформалар жүзеге асырылуда, азаматтардың әл-ауқаты артып келеді. Бұл күн бізге мықты мемлекеттің негізі – заңға құрмет, билік пен халық арасындағы сенім, сондай-ақ Отанымыздың болашағы үшін ортақ жауапкершілік екенін еске салады.
Конституция әр қазақстандықтың құқығын қорғауда сенімді қалқан болып, еліміздің бейбітшілігі мен келісімінің, тұрақты дамуының кепілі болып қала берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, ертеңгі күнге нық сенім және Қазақстанның өркендеуі жолындағы жаңа жетістіктер тілеймін!
Құрметпен,
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Табиғат Зейнұлқабден