Астана қалалық мәслихатының депутаттары тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын басқару бағытында жұмыс істеп жатқан бірқатар нысандардың қызметімен танысты
30.06.2025
Қала аумағында қазіргі таңда жалғыз рұқсат етілген қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигоны жұмыс істейді. Ол «Алаш» тас жолының 6-шақырымында орналасқан. 2018 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан екінші ұяшық қазіргі таңда 95%-ға толған. Осыған байланысты қуаттылығы 2,1 млн м³ болатын үшінші ұяшықты салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Сонымен қатар депутаттар «Солтүстік жота» карьері маңындағы құрылыс қалдықтарын қабылдау және өңдеу алаңына барды.
2025 жылдың өзінде бұл көрсеткіш 239 мың тоннадан асты. Жақында болған өрт оқиғасына байланысты нысандағы өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінді. Сапар барысында ТОО «Astana Recycling Plant» қалдықтарды қайта өңдеу зауытына да бардық. Зауытта күн сайын 1 200 тоннаға жуық қалдық сұрыпталады. Алайда, қалдықтардың ластануы мен бастапқы кезеңде сұрыптаудың болмауы қайта өңдеу тереңдігін шектеп отыр.
2025 жылдың соңына дейін зауытты жаңғырту, қосымша желілер орнату және қайта өңдеу деңгейін 10–15%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Депутаттар жүйелі шаралардың маңыздылығын атап өттік. Атап айтқанда, бұл – қалдықтарды бастапқы сұрыптау жүйесін енгізу, халықты хабардар ету және инфрақұрылымды жаңғырту арқылы іске аспақ.