На заседании столичного маслихата обсудили вопросы ремонта и реконструкции общественных пространств, парков и площадей столицы
24.06.2025
Астана қалалық мәслихатының отырысында елордадағы қоғамдық кеңістіктерді, саябақтар мен алаңдарды жөндеу және қайта жаңғырту мәселелері талқыланды.
Атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Астананың алты ауданының әкімдері, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы, сондай-ақ «Астанагенплан» ЖШС-нің өкілі есеп берді. Бүгінде қалада абаттандыруға қатысты 8 ірі жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде:
- Есіл өзенінің жағалауы – Сарайшық көшесіндегі көпірден бастап Қабанбай батыр даңғылындағы көпірге дейінгі учаскені қайта жаңғырту басталды.
- Қалдаяқов пен Панфилов көшелерінің қиылысындағы саябақ – брусчатка, жиектастар және жарық бағаналарының демонтажы аяқталды.
- Мәңгілік Ел даңғылы (1-кезең) – сыртқы жарықтандыру және суару жүйесінің желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде.
- Мәңгілік Ел даңғылы (2-кезең) – желілер тарту жұмыстары аяқталып, көгалдандыру жүріп жатыр.
- Президенттік саябақ (1-кезең) – алғашқы кезең 100% аяқталды, қазір субұрқақты бетондау жұмыстары басталды.
- Студенттік саябақ (Сатпаев – Кажымұқан – Тәуелсіздік көшелері аралығы) – құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанды пайдалануға беру жүргізілуде.
- Сығанақ көшесі (Қабанбай батыр даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін) – жаяу жүргінші аймағы, веложол және көгалдандыру жұмыстары толық аяқталды.
- Бейбітшілік пен келісім саябағы – «Өмір ағашы» монументінің металл құрылымдарын орнату аяқталды.
Барлық жобалардың жүзеге асырылуы депутаттық корпус бақылауында. Қоғамдық кеңістіктерге жүргізілген сапарлар барысында анықталған бірқатар ескертулер аудан әкімдіктеріне жеткізілді.