Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшісі күні
23.06.2025
Осы айтулы күні елордалық мәслихаттың төрағасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының атынан мінсіз қызметі үшін алғыс хаттар табыстады.
Жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және адал еңбегі үшін Астана қаласы мәслихаты аппаратының келесі қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды:
– Мәслихат аппаратының басшысы Бақыт Ахметжанова,
– Аппараттың бас инспекторлары Құмар Түлешова мен Эльмира Халелова.
Мемлекеттік қызмет – ерекше жанқиярлықты, жоғары біліктілікті және күн сайын қоғам игілігі үшін адал еңбек етуге дайын болуды талап етеді.
Марапатталған қызметкерлер бұл қасиеттерді толықтай көрсете отырып, елорда дамуына және өкілетті орган жұмысының жетілдірілуіне сүбелі үлес қосып келеді.