Кезектен тыс сессия мәселелері бойынша дауыс беруге қатысты
03.06.2025
Бірқатар БАҚ-та және әлеуметтік желілерде депутаттардың мәслихат отырыстарына қатысуы туралы түсініктеме жариялануына байланысты, 2025 жылғы 13 мамырда Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өткенін елорда жұртшылығына жеткіземіз. Сессияның қарауына шығарылған мәселелер бойынша дауыс беру кезінде залда 23 депутат қатысты, үш депутат дәлелді себептермен ZOOM платформасы арқылы қашықтық форматта отырысқа қатысты.
Отырыс Facebook платформасында тікелей эфирде көрсетілді. Мәслихат отырыстарына ZOOM арқылы қашықтықтан қатысу практикасы 2020 жылдан бастап қолданылатынын және өкілді орган қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында COVID-19 пандемиясы кезеңінде енгізілгенін атап өткен жөн.
Бұдан басқа, мәслихат депутаттары өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады, қала өмірінің өзекті мәселелерін шешуге өз үлесін қосады.