Күн тәртібінде елорданың негізгі қаржылық құжаты
11.12.2017
«Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының және қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында «Астана қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» мәселесі талқыланды, онда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді баяндама жасады.
Үш жылдық бюджеттің параметрлері қазіргі жағдайды ескере отырып, Астананың дамуының түзетілген болжамдық индикаторларының және ұлттың «Нақты 100 қадам» жоспарының жүзеге асырумен байланысты, 69- қадам аясында - Астананымызды зерттеушілер, студенттер, кәсіпкерлер мен басқа да туристерді тартатын Еуразияның іскери, мәдени, ғылыми орталығына айналдырумен қалыптастырылған.
2018 жылдың басты оқиғалары «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдығы ауқымында өтеді.
Астана қаласының үш жылдық кезеңге жергілікті бюджетінің жалпы көлемі 997 млрд. теңге, соның ішінде 2018 жылға - 369 млрд. теңге, 2019жылға - 320 млрд теңге, 2020 жылға - 308 млрд. теңге жоспарланған.
Бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталып, 124 млрд. теңге немесе жалпы бюджеттің 34% -ы жұмсалады.
Бюджеттің жобасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес инфляция көрсеткішінің 7% -ға өсуіне байланысты жалақыға, әлеуметтік нысандарды және қызмет түрлерін ұстауға жыл сайынғы шығындар қарастырылған.
Бюджет жобасында жалпы трансферттердің көлемі туралы заңға сәйкес республикалық бюджетке 20,5 млрд. теңге сомасында бюджеттік жеңілдіктер қарастырылған.
Талқылау барысында, депутаттық фракция мүшелері білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, көлік инфрақұрылымын дамыту, әсіресе қаланың шет аймақтарындағы азаматтардың тұрғылықты мекен-жайлығының сақталуын қамтамасыз ететін проблемалық мәселелерге және басқаларға назар аударды. Жалпы, Астана қаласының бюджеті «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы тарапынан мақұлданып, оны мәслихат сессиясына ұсынуға кеңес берілді.
Депутаттар сондай-ақ, қаланың экологиялық жағдайын талқылады, ол жөнінде Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Мирас Гайсин хабарлады. Талқылау барысында жанданған сұхбат өтті. Депутаттар қаланың санитарлық жағдайлары мен бағбандық мәселелерін, көліктен шығатын газдармен қаланың газды ластануын, ЖЭС зауыттарының жұмысымен және басқаларымен таныстырды. Барлық сұрақтар мәслихат сессиясына жіберілді.
Сондай-ақ, Астана қаласының мәслихатының сессиясына ұсынылған Астана қаласы Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі туралы есеп талқыланды.
Депутаттар қалалық мәслихаттың сессиясына шығарылған мәселелерді қарады: Астана қаласында жасыл кеңістікті ұстау және қорғау Ережесі, Астана қаласының жалпы суды пайдалану Ережелері, әлеуметтік көмек көрсету Ережесі, Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізімін анықтау және мөлшерін белгілеу, Астана қаласының әкімдігі жанындағы кейбір ведомствоаралық комиссиялардың құрамын, мәслихаттың 2018 жылға арналған жұмыс жоспары және басқалар.
Депутаттық фракцияның және қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ж.Г. Нұрпейісов, қалалық департаменттер мен басқармалар басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.