Елордамыз жасыл желекке бөленеді.
29.04.2025
Биыл Астанада 1 миллионнан астам жасыл желек — ағаштар, бұталар, көпжылдық және біржылдық гүлдер отырғызылады.
Бүгін «Астана Генплан» ЖШС базасында қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мен көгалдандыруға бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
Жоспарға сәйкес:
- 38 қоғамдық және 152 аула аумағын көгалдандыру,
- ағаштардың электрондық төлқұжаттарын енгізу,
- жасыл желекті цифрландыру мен мониторинг жүргізу,
- ЛРТ желілерінің астындағы аумақтар да қамтылатын жаңа қоғамдық кеңістіктерді құру көзделуде.