Жақында құрылған «Нұра» ауданының бірқатар өзекті мәселелері бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына арналған көшпелі кеңес барысында талқыланды
22.04.2025
Кеңес аясында ауданды абаттандыру, көгалдандыру, жолдар мен көшелерді жөндеу және салу, сондай-ақ «AMANAT» партиясының сайлауалды уәделерін орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру бағыттары бойынша қосымша қажеттіліктер қаралды.
Өз кезегінде сайлау округтерінен сайланған мәслихат депутаттары инфрақұрылым, қоғамдық көліктің жұмысы, абаттандыру, жол-көлік желісі, рұқсатсыз қоқыс төгетін орындар және басқа да түйткілді мәселелерді көтерді.
Аталған мәселелер тиісті мемлекеттік органдардың бақылауына алынды.