Елорда мәслихаты халықаралық қатынастарды кеңейтеді
13.12.2017
Достық қарым-қатынас орнату мақсатында Астана қаласының мәслихаты мен Улан-Батор Моңғолияның Овлульхан ауданы мәслихаты арасында ресми кездесу болып өтті.
Өзінің құттықтау сөзінде мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов Моңғолиядағы әріптестерін астананың өкілетті органының құзыретіне кіретін бірқатар мәселелермен таныстырды. Ол мәслихаттың негізгі қызметі мен оның тұрақты комиссияларын жариялады.
Жанат Ғазизұлы Қазақстан мен Монғолия екіжақты қарым-қатынастардың барлық салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты белсенді дамытып келе жатқанын атап өтті. Ол қонақтарды елорданың дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып, Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы әңгімеледі.
Моңғолия делегациясының басшысы - Овкульхан ауданының мәслихатының төрағасы Баяраа Ганбат мырза Астана қалалық мәслихатының депутаттарына делегация мүшелерін таныстырды. Ол Астана қаласының депутаттарына жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, Овкульхан қалалық мәслихатының жұмысымен таныстырды. Делегация басшысы ауыл шаруашылығы, мәдениет, спорт саласында өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді. Бұдан басқа, Баяраа Ганбат мырза астананы дамытудың бас жоспарымен танысуға ниет білдірді.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының, Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының өкілдері Астанадағы мәдени және спорттық шаралар туралы әңгімелеп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Кездесу соңында мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов делегацияға жемісті кездесуі үшін алғысын білдіріп, екіжақты, сауда және мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға және Астана мен Ұлан-Батор арасындағы ынтымақтастық деңгейін арттыруға үміт білдірді және Қазақстан астанасының мәслихатының депутаттары осы бағыттағы барлық жақсы бастамаларға көмектесуге дайын екендігін жеткізді.
Делегациялар кәдесыйлармен алмасты.
Кездесуге қалалық басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.