Депутаттарды мемлекеттік марапаттарымен құттықтаймыз
15.12.2017
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Астана қаласы мәслихатының депутаттар тобы елорданың мемлекеттік органдарының, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің, өндіріс саласының, бизнес өкілдерінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге мемлекеттік марапаттармен марапатталды.
Мемлекет басшысының атынан депутаттарға мемлекеттік марапаттарды Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев тапсырды.
Астана қаласының мәслихатының хатшысы Нұрпейісов Жанат Ғазизұлы, қалалық мәслихат депутаты Есенжолов Еркеғали Темірғалиұлы елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, қоғамдық бірлестігінің белсенді қоғамдық қызметі үшін «Парасат» орденімен марапатталды, депутат Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы "Құрмет" орденін алды, депутат Таукен Қайырлы Кеңесбекұлы "Ерен еңбек үшін" медалімен марапатталды.
Астаналық мәслихат депутаттарын марапаттай отырып, қала әкімі Әсет Исекешев олардың елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Құрметті депутаттар, Сіздерді осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз. Денсаулық, бақыт, амандық, біздің ортақ үйіміздің, Отанымыздың - Қазақстан Республикасының гүлденуіне және оның әдемі астанасы - Астанаға жемісті еңбек тілейміз!