Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары!
22.03.2025
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – көктемнің жаңаруын, табиғаттың жандануын, елдің бірлігі мен татулығын дәріптейтін ерекше мейрам. Бұл күн – өткенге тағзым етіп, болашаққа үміт артатын, ырыс пен берекенің, мейірім мен ізгіліктің бастауы. Халқымыз «Жер көгерсе, ел көгерер» деп бекер айтпаған. Наурыз – тек жаңа жылдың басы ғана емес, бірлік пен келісімнің, береке мен молшылықтың символы.
Елорданың күн санап көркейіп, халықтың әл-ауқаты артып, жасампаз идеялар жүзеге асуы – ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Осы мерекеде бір-бірімізге ізгі тілек арнап, жақсы ниетпен болашаққа қадам басайық. Наурыздың шапағаты әр шаңыраққа шаттық, әр отбасыға қуаныш әкелсін!
Баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, бақ-береке тілеймін! Күндеріңіз шуақты, еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз берекелі болсын!
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден