Құрметті арулар!
08.03.2025
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – мейірім мен жылулықтың, сұлулық пен ізгіліктің символы.
Сіздер қоғамның тірегі, елорданың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жандарсыздар. Бүгінде қаладағы барлық оң өзгерістер Сіздердің еңбектеріңізбен, бастамаларыңызбен, табандылықтарыңызбен жүзеге асуда. Зерделеріңіз бен іскерліктеріңіздің арқасында әр салада биік белестерді бағындырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып келесіздер.
Аналарымыздың мейірімі, жарларымыздың қолдауы, қыздарымыздың ізденісі, әпке-қарындастарымыздың парасаты – бәрі ер азаматтарға шабыт, қуат, сенім береді. Сіздер барда өмір шуақты, қоғамымыз баянды, болашағымыз жарқын.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби және жеке өмірде толағай табыс тілеймін! Әр күніңіз қуаныш пен жылылыққа, шаттық пен берекеге толы болсын!
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден