Тиімді мәслихат» жобасының тұсаукесері
04.03.2025
Қалалық мәслихатта ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Н. Жексенбайдың қатысуымен «Тиімді мәслихат» жобасының тұсаукесері өтті.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибигүл Жексенбай қатысушыларды алдағы мерекелермен құттықтады. Ол мәслихаттар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілген зерттеу, жобаның міндеттері туралы баяндады. Зерттеуге дайындық аясында мемлекеттік органдардың өкілдерімен 40-тан астам кездесу өткен.
Жоба жетекшісі, «Аманат» партиясының мүшесі Гүлжан Бекмағамбетова жоба бойынша жұмыс істеген команданың сапалық құрамымен таныстырды, ол 36% азаматтық сектор, 27% квазимемлекеттік сектор, 26% мемлекеттік органдар, 9% ғылыми қоғамдастық өкілдерінен тұрады. Команда мәслихаттарды цифрландыру бөлігінде құқықтық нормативтік актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс істеген. Спикер халықты сумен қамтамасыз ету бойынша шағымдар болған Ақмола облысының Еңбек ауданында пилоттық жобаны іске асырудың нақты мысалын келтірді. Спикер осы мысал арқылы аталған мәселені мәслихат депутаттары қалайша шешетінін егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол сондай-ақ eMaslikhat платформасын пайдалану кезінде халық үшін және депутаттар үшін негізгі артықшылықтар, өткізілген кездесулердің, сұхбаттар мен сауалнамалардың нәтижелері, «eMaslikhat» ақпараттық жүйесінің тұжырымдамасы туралы баяндады.
Депутаттар жоба басшысына мәслихаттар жұмысын цифрландыру бөлігінде заңнаманы жетілдіруге қатысты, бұл жобаны қаржыландыру мәселесіне қатысты көптеген сұрақтар қойды. Депутаттардың пікірінше, жүйе неғұрлым бейімді және пайдалануға оңай болуы тиіс, жедел жұмысты, оның ішінде бір мандатты депутаттардың жұмысын көрсетуі, мемлекеттік органдардың жүйелерімен, бірінші кезекте әкімдіктермен интеграцияланған болуы тиіс. Сонымен қатар, депутаттар болашақта оны республика бойынша масштабтау үшін қазіргі уақытта жобамен тереңірек жүйелі жұмыс жүргізу қажет деп санайды. Осылайша, депутаттар жүйені сынау алаңын, пилоттық жобаны елордада немесе шағын қалада ма, әлде аудан орталығында іске қосқан жөн бе, соны анықтауы қажет. Бұл мәселелердің барлығы қосымша талқылауды қажет етеді.