Астана қаласының Полиция Департаментінің басшылығы елордалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы
30.01.2025
Астана қаласының Полиция Департаментінің басшылығы елордалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қосымша ғимараттарға, автокөліктерге және қажетті жабдықтарға деген сұранысты жеткізді
Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе – учаскелік инспекторлардың бекітілген аумақтағы тұрғындармен өзара іс-қимылы және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Депутаттар барлық аудандарда учаскелік инспекторлардың болмауына назар аударып, дәл осындай жерлерде қылмыстар жиі жасалатынын атап өтті. Олардың ішінде есірткі заттарын жасыру (закладка), отбасылық жанжалдар және басқа да ауыр құқық бұзушылықтар бар.
Полиция қызметкерлері отбасы ішіндегі құқық бұзушылықтарға қатысты статистиканы жариялады – өткен жылы мұндай 9 мыңға жуық оқиға тіркелген. Оларды негізінен жұмыссыз азаматтар, алкоголь және нашақорлыққа тәуелді адамдар, сондай-ақ лудомандар жасайды. Көпшілігі елордаға жақында көшіп келгендер. «Отырыстың қорытындысы бойынша отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты күшейту, сондай-ақ учаскелік полиция қызметін нығайтуға қажетті ресурстарды талдап, ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. Осыдан кейін мәселені тағы да талқылап, нақты шешімдер қабылдаймыз», – деп мәлімдеді Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.