Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымы депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясы
27.01.2025
Асқар Смағұловтың төрағалығымен Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымы депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Астана қаласының сайлау комиссиясының төрағасы Бейсембай Жұмабеков «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 20-бабына сәйкес, қалалық сайлау комиссиясына Ерлан Каналимовтан түскен Астана қаласы депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жеке өтінішіне байланысты мәслихат депутатының өкілеттігі тоқтатылатынын баяндады.
Мәслихат төрағасының м.а. Асқар Смағұлов кезектен тыс сессияның күн тәртібінде тағы екі мәселе - «Астана қаласы мәслихатының төрағасын қызметінен босату туралы» және «Астана қаласы мәслихатының төрағасын сайлау туралы» бар екенін атап өтті.
Үшінші мәселені талқылау барысында депутаттар Астана қаласы мәслихатының төрағасы ретінде Зейнұлқабден Табиғаттың кандидатурасын ұсынды.
Депутаттар мәслихат төрағасы ретінде жұмысшыдан «Астана Су Арнасы» МКК бас директорына дейінгі еңбек жолынан өткен адамды таңдаудың қисындылығын атап өтті. Соңғы сегіз жыл ішінде ол коммуналдық қызметті басқарды. Еңбек жолында үздік шыққаны үшін, сондай-ақ республиканың және Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Зейнұлқабден Табиғат медальдар және орденмен марапатталған. Зейнұлқабден Табиғаттың кәсіби еңбегінен басқа депутаттар оның кәсіпорын қызметкерлеріне айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсеткенін атап өтті.
Табиғат Зейнұлқабден әріптестеріне сенім артқаны үшін алғысын білдіріп, Жұмысшы кәсіптер жылы деп жарияланған биылғы жылы бұрын басталған жобаларды және еңбек адамының мәртебесін арттыру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған жобаларды қоса алғанда, үлкен жұмыс мөлшері болатынын айтты.