Астана қаласының мәслихат депутаттары әкімдікпен бірлесе отырып, алдағы үш жылға арналған негізгі салаларды дамыту жөніндегі кешенді жоспарларды әзірлеп, іске асыруда
15.01.2025
Соның бірі – «Қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары». Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне әлеуметтік кепілдіктерді арттыру үшін қаражат бөлінді: Тұрғын үй төлемдерін қамтамасыз ету; Патрульдік полиция қызметкерлерінің арнайы формалық киімдерін сатып алу; Оперативті басқару орталығының (ОБО) бейнебақылау жүйесін жаңғырту; «Депутаттар қолдауымен 100 сандық бейнебақылау камерасы орнатылды және жаңартылды. «Цифрлық полицей» жобасы аясында: Құқық қорғау қызметкерлеріне 100 мобильді планшет берілді; Учаскелік инспекторлар үшін видеорегистраторлармен жабдықталған 924 смарт-жетон үш жылға жалға алынды. Бұл шаралар полицияның жұмыс тиімділігін арттыруға, елорда тұрғындарының қауіпсіздігін нығайтуға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған», деп атап өтті елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.