Астана қаласы мәслихатының депутаттық корпусының белсенді қолдауымен өткен жылы автобус маршруттары оңтайландырылып, желі кеңейтілді
13.01.2025
Бұл қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, экологиялық таза, заманауи автобустар пайдалануға беріліп, жолақы төлемін жеңілдету үшін байланыссыз карталар мен мобильді қосымшалар сияқты жаңа электрондық төлем жүйелері енгізілді. Бұдан бөлек, қаланың кейбір аудандарында жолаушылардың тығыздығын азайту мақсатында қарбалас уақытта рейстер саны көбейтілді.
Елордадағы қалалық автопарк бүгінде 105 бағыт бойынша қызмет көрсететін 1 625 автобусты қамтиды. «2023–2024 жылдары елорда мәслихатының қолдауымен Қазақстанда шығарылған 706 жаңа автобус сатып алынып, автопарктің 45%-ы жаңартылды. Барлық жаңа автобустар қазір бағыттарға шығарылды. 2025 жылы тағы 300 автобус сатып алу жоспарланып отыр, бұл маршрут желісін жаңарту мен кеңейтуді жалғастыруға мүмкіндік береді», деп атап өтті елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.