2020 жылы жүргізілген техникалық тексеру кезінде стадион құрылымдарының қатты тозғаны анықталып, бұл адамдардың қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіргені белгілі болды
11.01.2025
Елордалық мәслихат бұл жағдайды ескере отырып, стадионды қайта жаңғыртуға қаржы бөлу туралы шешімді бірауыздан қолдады. Жобаны аяқтап, нысанды пайдалануға беру 2025 жылдың соңына жоспарланған.
Жер учаскесінің жалпы ауданы 2,2 гектарды құрайды, ал стадионның сыйымдылығы – 3 598 орын, оның ішінде VIP аймағы мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған орындар қарастырылған. Стадионды Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, қала тұрғындары мен қонақтары пайдалана алады. Олар нысанды белсенді демалыс пен спортпен шұғылдану үшін қолдана алады. Жаңа стадион UEFA және FIFA халықаралық стандарттарына сай жабдықталады.