Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары!
31.12.2024
Сіздерді Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл – әр адамның өміріндегі ең жарқын әрі ерекше мерекелердің бірі. Бұл - өткен жылды қорытындылап, жеткен жетістіктерімізді саралап, алдағы мақсаттарымызды айқындайтын ерекше уақыт.
Сенімдімін, өткен жыл әрбір қазақстандық отбасының өмірінде жарқын әрі маңызды оқиғаларымен есте қалады. 2025 жыл тек жақсылық, жылулық пен қуаныш әкелсін, ал барлық қиындықтар мен қайғы-қасірет ескі жылмен бірге артта қалсын. Жаңа жыл Сіздердің өмірлеріңізді жетістіктерге, молшылыққа, махаббат пен мықты денсаулыққа толтырсын!
Сіздерге бейбіт өмір, береке-бірлік және шексіз бақыт тілеймін! Жаңа жылда барлық армандарыңыз орындалып, бастамаларыңыз табысты болсын! Мерекелеріңізбен! Жаңа жыл құтты болсын!
Астана қаласы мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов