Елорданың медициналық ұйымдарын қаржыландыру мәселесі бойынша мәслихат отырысы
26.12.2024
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен Астана қаласының медициналық ұйымдарын қаржыландыру мәселесі бойынша отырыс өтті.
Астана қаласы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры филиалының директоры Гүлжан Шайхыбекова елорданың медициналық ұйымдарын қаржыландырудың проблемалық мәселелері туралы баяндады. Директордың айтуынша, денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде қазіргі уақытта медициналық ұйымдардың қарызы айтарлықтай төмендеді. Аудит нәтижелері бойынша ҚР ДСМ комитеттеріне хаттар жолданды, Мемлекеттік орган тарапынан әкімшілік жаза қолданылды. Әрі қарай ол медициналық сақтандырумен қамтылмаған азаматтар санатына және 2025 жылға арналған жоспарларға тоқталды.
Депутат Алтыншаш Табулдина байқауды елеулі индикаторлармен өткізгені үшін алғысын білдірді. Сақтандырылмаған адамдар олармен нақты жұмыс істей алады. Алайда, кейбір адамдар сақтандыруды төлей алмайды, олар көмекке мұқтаж. Табулдина ақпараттық жүйеге қатысты мәселелерді атап өтті. Ол келесі жылы да осындай проблемалар бола ма деген сұраққа алаңдады. Мәселе өте маңызды, өйткені ақпараттық жүйе ұйымдар қызметінің ашықтығына ықпал етеді.
Депутат Кендебай Адамбек Қордың кредиторлық берешекті азайту мәселесі бойынша жақсы жұмыс істегенін атап өтті. Депутаттың пікірінше, медициналық сақтандыруы жоқ адамдар санатын зерттеу керек. Бұл мәселені барлық мемлекеттік органдар, аудан әкімдіктер тарапынан кешенді түрде шешу қажет.
Депутат Динара Байсеркина денсаулық сақтау менеджменті біртіндеп жақсарып келе жатқанын айтты.
Депутат Динара Оразалина госпиталь Сарыағашқа жолдама алғанын хабарлады. Медициналық мекемелер арасындағы байқау, бұл жақсы бастама. Кредиторлық берешегі бар мекемелерге қатысты ол, мысалы, қалалық фтизиопульмонология орталығының қызметі маусымға, эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін айтты. Депутаттың пікірінше, кейбір мәселелерді шешуге көмектесу керек, мысалы, аумақты тазарту үлкен шығындарды талап етеді. Егде адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін геронтология орталығын құруды ұсынды.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов Қордың жұмысы өте маңызды және күрделі екенін атап өтті. 6 айда көп нәрсе жасалды. Мәслихат Төрағасының пікірінше, ағымдағы кредиторлық берешек көбінесе жоспарлау проблемаларына байланысты қалыптасады. Мәслихат Төрағасы төлемдердің жүйелілігін ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ проблемалық мекемелер бойынша егжей-тегжейлі талдау дайындауды тапсырды.