Хельсинки қалалық кеңесінің төрағасы Ретта Ванханенмен кездесу барысында түрлі салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
15.12.2024
Финляндия астанасы сегіз әкімшілік округке бөлінген. Хельсинки көлік кептелісі ең аз қалалардың бірі ретінде ерекшеленеді. Бұл елде теміржол тасымалы жоғары деңгейде дамыған, ал электропойыздар жергілікті өндірістен шығарылады. Қоғамдық көлік автобустар, трамвайлар, паром желілері және метро арқылы қызмет көрсетеді.
«Кездесу барысында әріптестеріміздің Астанаға жауап сапары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық көлік, мәдениет, білім беру және өзге де салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қою жөнінде келісімге қол жеткізілді», - деп атап өтті Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.