Таллин қаласының теңіз портының терминалдарының жұмысымен таныстық
15.12.2024
Қала орталығынан автобуспен небәрі 15 минуттық жерде орналасқан бұл порттан кемелер Хельсинкиге тұрақты түрде жолға шығады. Порттың жүк терминалы Эстонияның теміржол желісімен толықтай интеграцияланған. Сол күні Балтық теңізіндегі ең ірі астық терминалын араладық. Бұл жерде сыйымдылығы 300 мың метрлік тонна болатын элеватор бар. Қазіргі таңда портта қозғалысты тиімді басқару үшін «Ақылды порт» атты түрлі ІТ шешімдер енгізілуде.
Эстония билігінің алдағы жоспары – елдің барлық көлік және логистика секторын цифрландыру дәуіріне бейімдеу. Эстонияның теңіз портындағы заманауи инфрақұрылым мен озық технологиялар қазақстандық делегация үшін ерекше қызығушылық тудырды. Мұндай тәжірибе елорданың көлік-логистика жүйесін жетілдіруде пайдалы болмақ.