Балхия Абдулбахиқызы Сүлейменова - Астана қаласы мәслихатының I сайланым депутаты, қала мен еліміздің медициналық саласының дамуына зор үлес қосқан тұлға
09.12.2024
Бүгін мәслихат қабырғасында 75 жасқа толған мерейтойын атап өттік. Медицина ғылымдарының кандидаты, көптеген оқу және әдістемелік құралдардың авторы, 2000 жылдан бері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты медициналық көмек көрсету орталығында штаттан тыс маман ретінде еңбек етті.
Балхия Абдулбахиқызы Сүлейменова еліміздің денсаулық сақтау саласындағы үздік жетістіктері үшін жоғары бағаланып, көптеген марапаттарға ие болды, соның ішінде: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін». Бүгін мерейтой иесін депутаттар, әріптестері, серіктестері мен шәкірттері құттықтап, бақыт, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Жақсы дәстүр бойынша Балхия Абдулбахиқызына шапан сыйға тартылды. Бүгінгі таңда Балхия Абдулбахиқызы педагогикалық қызметін жалғастырып, елордамыздың өміріне белсене қатыса отырып, жас ұрпақ үшін өнегелі тұлға болып еңбек етуде.