Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару
10.12.2024
Азамат Айтхожиннің төрағалығымен заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Депутаттар жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға қатысты шарттарды келісу туралы мәселені қарады. Оларға мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына қойылатын, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі ұсынылды.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов депутаттарға дарынды балаларға арналған республикалық мектеп, көпсалалы аурухана, көшелер, мектеп, сумен жабдықтау желілері, Ұлттық университет, тарату қосалқы станцияларын салу жоспарланып отырғанын хабарлады.
Депутат Кендебай Адамбек тұрғын үй құнын бағалау сомасы қаншалықты дұрыс екендігі туралы сұрақ қойды. Сондай-ақ, ол «AMANAT» партиясының шешімі бойынша осы мәселені егжей-тегжейлі қараумен айналысатын жұмыс тобы құрылатынын хабарлады. Отырыстардың бірінде Сырдария көшесінде тұратын тұрғыннан өтемақы сомасына наразы болған сын-ескертпелер айтылды.
Тұрақты комиссияның төрағасы отырыс барысында жер учаскелерінің меншік иелерімен онлайн режимінде кездесу өткізді. Тұрақты комиссияның отырысына қатысу үшін өтемақы сомасымен келіскен меншік иелері шақырылды.
Отырыс жұмысына тұрғын үй иелері онлайн режимде қатысты. Комиссия төрағасы Азамат Айтхожин оларға өтініш білдіріп, өтемақы сомасымен келіскендіктен, мәселе мәслихат сессиясында қаралатынын және ол бойынша тиісті шешім қабылданатынын мәлімдеді.