Астана қаласы мәслихатының отырысында экологиялық реттеу мәселелері қарастырылды
04.12.2024
Астана қаласы мәслихатының отырысында экологиялық реттеу мәселелері қарастырылды. Талқыланған негізгі бағыттар: тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) жинау, шығару, қайта өңдеу және көму тарифтерін бекіту; 2023–2027 жылдарға арналған қоршаған ортаның сапасына қойылатын нысаналы көрсеткіштерді бекіту.
2012 жылы бір тұрғыннан тәулігіне 1,2 кг қалдық шығарылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1,7 кг-ға дейін өсті. Әлеуметтік осал топтар үшін қолданыстағы жеңілдіктер: ҰОС ардагерлері үшін – 100%; ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, І топтағы мүгедектер және көпбалалы аналар үшін – 50%; ІІ топтағы мүгедектер мен зейнеткерлер үшін – 25%.
Жеңілдік алушылар тізіміне қосымша мына санаттарды енгізу ұсынылды: мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; балалық шақтан мүгедектер; жетім балалар; көпбалалы отбасылардан шыққан балалар. Қалдық көлемінің ұлғаюы жинау және қайта өңдеу нормативтерін қайта қарауды талап етеді. Сонымен қатар, қалдықтарды қайта өңдеудің тиімді механизмдерін енгізу экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.