Алдағы үш жылда «Астананың дене шынықтыру және спорт саласын дамыту бойынша кешенді жоспар» аясында 21 бағыт жүзеге асырылады
05.12.2024
Басты жобалар қатарында: БЖСМ №1 базасында гимнастика және өрмелеу орталығын салу; БЖСМ №2 үшін шаңғы базасын құру; №18 мектеп аумағында БЖСМ №6 үшін велоспорт трассасын жабдықтау; Үш футбол күмбезін орнату; Олимпиадалық резервтің спорт мектебі-интернаты мен колледжін салу; Шайбалы хоккей мен конькимен сырғанау спорт түрлеріне арналған модуль салу.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 2024 жылы 812 іс-шара өткізу жоспарланған, оның 648-і қазірдің өзінде жүзеге асырылды: 102 халықаралық; 159 республикалық; 387 қалалық деңгейдегі іс-шаралар. Жалпы, бұл іс-шараларға 429 743 адам қатысты. Халықты бұқаралық спортқа тартуға ерекше көңіл бөлінуде: AULA FIT: жоба аясында 15 кәсіби жаттықтырушы қаланың 30 ауласында сабақтар өткізіп, 3 000-нан астам адамды қамтыды. Жобаның қатысушылары саны 5 000-нан асты. Спорттық инфрақұрылымды, бағдарламалар мен іс-шараларды дамытудағы кешенді тәсіл әрбір қала тұрғынына белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді.